Бас жаңалықтар
Қарағандыда көпбалалы отбасыларға тегін жол жүру қарастырылады
26 Сәуiр 2019, 12:29 226

Қарағандыда көпбалалы отбасыларға тегін жол жүру қарастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы әкімінің бастамасмен облыстық әкімдік пен мәслихат бірлесіп, көпбалалы отбасыларды қолдау жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Биыл 1 мамырынан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көпбалалы аналар қоғамдық көліктерде тегін жол жүрумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасындағы ата-аналардың біреуіне осындай жеңілдік қарастырылған. Көпбалалы отбасылар үшін мектепке дейінгі балалар мекемелеріне 50% жеңілдік берілді.

Толық ақпарат «Білім бөлімі» ММ және «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сайтында орналастырылады.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық