Қарағандыда індет жұқтырған тағы 4 адам анықталды

10 Сәуір 2020, 09:56
1373
Бөлісу:
Қарағандыда індет жұқтырған тағы 4 адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған адамдар. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде, – делінген хабарламада.
     
10.04.2020ж. жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 61 адам анықталды.

Қарағанды облысында үй карантинінде 1200  адам отыр, ал тәулік бойы бақылауға 795 пациент алынған.


Өзгелердің жаңалығы