Қарағандыда бірнеше көлік соқтығысып қалды

22 Қаңтар 2019, 16:36
3068
Бөлісу:
Қарағандыда бірнеше көлік соқтығысып қалды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін таңертең Қарағандының Майқұдығында бір мезетте бірнеше көлік соқтығысып қалды. Жол көлік оқиғасынан екі адам зардап шегіп, ауруxанаға жеткізілді.

22 қаңтар күні Қарағанды қаласы Октябрь ауданында таңертеңгі сағат 10:00 шамасында «ГАЗ-САЗ» қоқыс таситын көлігінің 39 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі автомобиль жолынан басты жолға шығып келе жатқанда жолаушылар автобусына соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, қоқыс таситын көлік тізгініндегі 39 жастағы жүргізуші жол ережесін бұзған. Ол басты жолда келе жатқан «Мерседес Бенц» маркалы жолаушылар автобусына жол бермеген.

«Жолаушылар автобусы инерцияның салдарынан тоқтап тұрған 4 автокөлікке және №8 мектептің қоршауына соғылған. Жол көлік оқиғасы болған уақытта автобуста 15 жолаушы болса, қалған жеңіл көліктерде ешкім болмаған. Жол көлік оқиғасы фактісіне байланысты әкімшілік xаттама толтырылды. Оқиға салдарынан автобустың 35 жастағы жолаушысы мен қоқыс таситын көліктің жүргізушісі әртүрлі дене жарақатын алған. Олар ауруxанаға жеткізілді», - дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

Жібек Мұқашева

Өзгелердің жаңалығы