Бас жаңалықтар
Қарағандыда барымташылар құрықталды
24 Ақпан 2019, 10:43 517

Қарағандыда барымташылар құрықталды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда облыс тұрғындарынан ғана емес, Павлодар аймағынан да мал ұрлаған барымташы топтар ұсталды. Қылмыстық топтардың тұрғындарға әкелген шығыны миллиондап саналады.

Қарағанды облысында ішкі істер органдарының қызметкерлері жүйелі түрде мал ұрлығымен айналысқан 3 барымташы топты ұстады. Қазіргі уақытта осы қылмыстық топтардың 10 мүшесі уақытша қамау изоляторына тоғытылған.

«Бірінші топ өрісте жүрген 14 бас мүйізді ірі қараны ұрлап, мал иесіне 14 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Екінші топ ауылдасының қорасынан мал ұрласа, үшінші топ жайылымнан жылқы ұрлаған, шығын көлемі 1 млн теңге. Ұсталғандар осыған ұқсас 16 қылмысқа қатысы бар екендіктерін мойындады. Олар малды Қарағанды аймағынан ғана емес Павлодар облысының жайылымдарынан да ұрлаған», - дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Төрт түлік малды қолды етіп, оңай олжа тапқысы келетіндердің жолын кесу үшін құқық қорғау қызметкерлері тұрақты түрде алдын алу шараларын өткізеді. Осыған байланысты полицейлер ауыл тұрғындарынан жайылымдағы малын қараусыз қалдырмауға, өрістегі төрт түлікті бақташыға бақтыруға, сондай-ақ, малға міндетті түрде таңба, сырға салу керектігін ескертеді.

 

Жібек Мұқашева
Загрузка...

Сізден жаңалық