Қарағандыда қайтыс болған адамның кім екендігі белгілі болды

1 Сәуір 2020, 12:52
2670
Бөлісу:
Қарағандыда қайтыс болған адамның кім екендігі белгілі болды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыста COVID-19 індетін жұқтырғандардың саны 14 адамға жетіп, сырқаттардың біреуі қаза болды.

  
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев брифингте қайтыс болған адамның қала тұрғыны екендігін хабарлады. 
Бүгін Қарағандыда бір адам коронавирус індетінен қайтыс болды. 30 наурыз күні Қарағанды қаласының ауруханаларының біріне 62 жастағы ер адам жатқызылған болатын. Ауруханада ер адамнан екі жақты пневмания анықталған, тыныс алуы нашарлаған. Сырқаттың жағдайы өте ауыр деп бағаланып реанимациялық боксқа жатқызылды. Жүргізілген ем шараларға қарамастан емделушінің жағдайы нашарлап бүгін таңғы 7-де қайтыс болды, - деп хабарлады Ержан Нұрлыбаев. 

Оның айтуынша бұған дейін ер адам медициналық мекемеге көмекке жүгінбеген. Қазіргі уақытта марқұммен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, оқшауландырылған. Ер адамға медициналық көмек көрсеткен мамандардың барлығы қауіпсіздік шараларын сақтаған. 
Облыстың бас санитарының мәліметі бойынша қайтыс болған ер адам шетелде, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында болмаған. 
Ер адаммен тығыз қарым-қатынаста болған 36 адам анықталды. Сонымен қатар 20 адам олармен қарым-қатынаста болған. Марқұмның жұмыс орны Теміртау қаласында болған. Осыған байланысты тұрғындардан карантин режимін сақтауларыныңды сұраймын, - деді Қанат Асқаров. 
Еске салайық, бүгін түнгі 00.00-де Қарағандының карантин аймағына кіріп-шығуға шектеу қойылады.


Өзгелердің жаңалығы