Бас жаңалықтар
Қарағандыда алғаш рет полиция офицерлерінің балы өтті
01 Желтоқсан 2019, 16:58 2210

Қарағандыда алғаш рет полиция офицерлерінің балы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында алғашқы полиция офицерлерінің балы өтті. Би кеші Жезқазған қаласында ұйымдастырылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқиға Жастар жылына орайластырылды. Жас лейтенанттар бұл кеште полицейдің жұмысы тек тәртіп пен түзету ғана емес, сонымен қатар әсемдікпен де сабақтаса алатынын көрсетті.

Қызметкерлер арасынан 24 жұп анықталды. Олар бір жарым ай балға дайындалып, мамандардың жетекшілігімен би қозғалыстарын үйренді. Паркетке салтанатты түрде кавалердер шықты, ал ханымдар қызметтік киім-кешектерін кешкі көйлектерге ауыстырды. Жас офицерлер Шопен, Бах және Моцарттың музыкасына вальс билеп, полонез және мазурканы орындады.

Мұнда полковниктер, офицерлер, ішкі істер органдарының ардагерлері бар. Менің ойымша, мұндай іс-шара полицейдің имиджін арттыруға ықпал етеді. Біз офицерлік балды жақсы дәстүрге айналдырғымыз келеді, - деді Қарағанды облысы полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ринат Сүттібаев.

Сондай-ақ, полицияда патриоттық әндер шырқалды. "Ұлытау жұлдыздары" барабаншылар тобы өнер көрсетті. "Щелкунчик" балетінің қойылымын Жезқазған өнер мектебінің тәрбиеленушілері ұсынды.


 


Фото: дереккөз
Загрузка...