Бас жаңалықтар
Қарағанды вокзалынның сәулеттік кемшіліктері түзетілуі тиіс – әкім
23 Қыркүйек 2019, 19:20 240

Қарағанды вокзалынның сәулеттік кемшіліктері түзетілуі тиіс – әкім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек темір жол вокзалын қайта құру кезінде туындаған мәселені шешуге шақырды.

«Тұрғындарды нысанның сыртқы келбеті қызықтырады – бұл қаланың көрікті жерлерінің бірі болған. Біз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ басшылығымен әңгімелестік. Жоба бойынша, вокзалдың өткізу қабілетінің артуына байланысты ғимараттың ауданы кеңейтілді, бұл орталық кіреберістің сыртқы қасбетіне әсер етті. ҚТЖ басшылығы жөндеу жұмыстарынан кейін ғимараттың жаңа қасбеті бұрыңғы тарихи келбетіне барынша ұқсай түсетініне сендірген. Сондықтан соңғы күндері әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселелер шешіліп, жаңа ғимаратта адамдардың жайлылығы үшін барлық жағдай жасалатын болады», - деді аймақ басшысы.

Құрылысшылар мен жобалаушылар вокзалдың орталық кіре берісінің дизайнын жетілдіру бойынша ұсыныстарды апта соңына дейін беруге уәде берді. Барлық құрылыс жұмыстары жыл соңына қарай аяқталады.

Қайта жөндеуден кейін Қарағанды вокзалы барлық заманауи нормалар мен талаптарға сай болады деп күтілуде. Сондай-ақ өткізу қабілеті 2,5 есе артады.

Ғимараттың қалпына келтірілген бөлігінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға, ана мен балаға арналған бөлмелер пайда болды. Құрылысшылар жылу және электрмен қамтамасыз ету желілерін толықтай ауыстырды. Ішкі климат-бақылау және еденді жылыту жүйелері орнатылған.
Жаңадан салынып жатқан ғимараттың қанатында қосымша кассалар, кең күту залдары мен фуд-корттар болады. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтергіштер орнатылады.
 


Фото: дереккөз
Загрузка...