Қарағанды: Вирус жұқтырғандар Франциядан ұшып келген

26 Наурыз 2020, 23:09
1063
Бөлісу:
Қарағанды: Вирус жұқтырғандар Франциядан ұшып келген

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда тіркелген 2 науқас та 18 наурыз күні Қарағанды әуежайына қонған ұшақта болған. Жолаушылар барлық санитарлы талаптардың сақталуымен карантинге жатқызылған. Қарағанды облысында карантин режимін енгізуге негіз жоқ.

Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы брифингте мәлімдеді.

Еске салайық, 18 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласына қонуы тиіс болған әуе кемесі Қарағанды әуежайына қонып, ондағы жолаушылар карантинге жатқызылған. 20 наурызда осы ұшақта болған екі жолаушының коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Бүгін осы рейстің тағы екі жолаушысынан коронавирус індеті тіркелді. Осылайша Қарағандыда вирус жұқтырғандардың саны артып, 4 адамға жетті. Вирус жұқтырған әйелдер Франциядан Қарағандыға Минск-Нұр-Cұлтан бағытындағы ұшақпен келген.

Бүгін Қарағанды қаласында тағы екі әйелден коронавирус індеті анықталды. Олар 18 наурыз күні Қарағандыға Франциядан келген. Жолаушылар қалаға келгеннен бастап карантин госпиталында оқшауландыруда болған және сыртқы ортамен байланысқа түспеген, - дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Басқарма басшысының айтуынша, сырқаттың алғашқы белгілері анықталғаннан кейін зертханалық сараптама жасалып, коронавирус індетін жұқтырғандығы анықталған.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысында тәулік бойғы карантинге 314 адам жатқызылған. Олар 1Б санатындағы елдерден келген қазақстандықтан. Тағы 154 адам үй карантинінде. 20 наурызда анықталған сырқаттардың жағдайы қалыпты деп бағалануда.

Құрметті қарағандылықтар, біздің қалада тіркелген сырқаттардың барлығы сырттан келгеніне, сыртқа ортамен байланыста болмағанына қарамастан барлықтарыңыздан қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймын. Қарағанды облысындағы шектеу шараларының барлығы індеттің алдын алуға бағытталғанын түсінулеріңіз керек, - деді Ержан Нұрлыбаев.

Өзгелердің жаңалығы