Бас жаңалықтар
Қарағанды облысының тағы 10 мыңға жуық тұрғыны Birgemiz қорынан көмек алады
04 Маусым 2020, 16:36 161

Қарағанды облысының тағы 10 мыңға жуық тұрғыны Birgemiz қорынан көмек алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Birgemiz қайырымдылық қорының жұмысы жалғасуда. Елбасының бастамасы бойынша мемлекет басшысы жүргізіп отырған дағдарысқа қарсы шараларға арналған қосымша қор мұқтаж қазақстандықтарға белсенді түрде көмек көрсетуде. Қарағанды облысының тағы 9 621 тұрғыны 50 мың теңгеден алады.

Бірінші және екінші толқын аясында еліміздің 23 қаласынан, соның ішінде Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларынан 360 мыңнан астам отбасы 50 мың теңге көлемінде біржолғы төлем алған болатын. Қарағанды облысының осы қалалары халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан 32 мыңнан астам мұқтаж азаматтарды ақшалай көмекпен қамтыды. Олардың шоттарына 50 мың теңге аударылды. 

Қазір бір жолғы төлемдердің үшінші толқыны жүріп жатыр. Осы аптада шағын қалаларда, ауылдарда және республиканың ірі қалаларына жақын орналасқан елді мекендерінде тұратын әлеуметтік жағынан осал азаматтар қатарындағы 110 мыңға жуық қазақстандық отбасына атаулы қаржылық көмек көрсетіледі. 

Nur Otan ҚОФ хабарлағандай, Қарағанды облысында 3 маусымнан бастап Балқаш, Сәтбаев, Саран, Қаражал, Приозерск, Шахтинск, Абай және Бұқар Жырау аудандарының 9 621 тұрғыны үшін жалпы сомасы 481 млн теңгеден асатын үшінші транш бойынша төлем басталды. 

Мұқтаждар тізімін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және ЗТМО бөлімдерімен құрылған. Алушыларға "сіздің шотыңызға #Birgemiz қорынан 50 000 теңге түсті" деген СМС жіберу арқылы қаражат түскені туралы хабарлайды. 

Осыған байланысты, атаулы әлеуметтік көмекке және балаларға арналған жәрдемақыға үміткер болу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...