Бас жаңалықтар
Қарағанды облысының полицейлері балаларға арналған мультфильм жасады
17 Маусым 2019, 16:36 274

Қарағанды облысының полицейлері балаларға арналған мультфильм жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық тәртіп сақшылары «Полицей болғым келеді» атты мультфильмін жасады. Оны Қарағанды қаласының мектеп жанындағы лагерьлерде көрсетті. Қысқа метражды анимациялық фильм полиция департаменті басшылығының тапсырмасы бойынша әзірленді.

Мультипликациялық картина негізіне ҚР ІІМ ардагері Нұрлан Телагисовтың өлеңдері енгізілді. Сюжет бойынша үш бала құмда ойнайды және өтіп бара жатқан патрульдік машинаны көреді. Балалар бір-біріне полицияда жұмыс істейтін әкелері туралы айта бастайды. Содан кейін олардың жанына зейнеткер келеді. Ол балаларға нағыз заң қызметшісі қандай болу керектігін және полицей болу үшін не істеу керектігін айтады.

Мультфильмде сондай-ақ қазақстандық полиция қызметкерлерінің – оқушыларды алып келе жатқан автобусты жүк көлігімен соқтығысудан сақтау үшін өз өмірін қиған жол полициясының инспекторы Қайрат Жұмабековтың және жанып жатқан пәтерден төрт баланы құтқарып шығарған учаскелік инспектор Дәурен Алтаевтің ерлігі айтылады.

Мультфильм Қазақстан полициясы күні қарсаңында түсірілді. Сондай-ақ, мереке алдында облыстың Полиция департаменті басшылығы қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқандардың және ІІМ ардагерлерінің отбасыларына барады.


Фото: BAQ.KZ

Сізден жаңалық