Қарағанды облысының аудандарында инватакси қызметі ашылды

30 Сәуір 2019, 09:18
2066
Бөлісу:
Қарағанды облысының аудандарында инватакси қызметі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында инватакси қызметі дамуда. Тегін қызмет өңірдің жеті қаласында жұмыс істейді. Енді бұл қызмет түрін ауыл тұрғындары да пайдалана алады. 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша Абай ауданында инватакси қызметі құрылды. 

"Біздің ауданда 2750 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Жергілікті атқарушы билік оларға қажетті жағдайды қамтамасыз етуге тырысады. Біз бюджеттен инватакси құруға қаражат бөлдік. Бұл қызмет қозғалуға көмектесіп қана қоймай, қарым-қатынас мүмкіндігін кеңейтеді. Инватаксидің арқасында мүгедек жандар концерттерге, театрларға, көрмелерге, басқа да мәдени іс-шараларға қатыса алады", - деді аудан әкімі Бауыржан Асанов.

Қызмет үшін жеңіл автокөлік және шағын автобус қарастырылған. Инватакси бүкіл аудан бойынша қызмет көрсетеді. Арнайы жабдықталған көлікті 1 топтағы мүгедектері және жеке көмекшісі немесе арбасы бар мүгедек балалар пайдалана алады.

Қазақстанда әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі мүгедектердің жағдайын жақсарту болып табылады. Мемлекет тарапынан жеке көмекші қызметі, ымдау тілі мамандарының көмегі ұсынылады. Көмек спектріне: гигиеналық заттармен, кресло-арбалармен, тифло және сурдо-құралдармен, оңалту орталықтарына тегін жолдамалармен қамтамасыз ету және т. б. кіреді.

Өзгелердің жаңалығы