Қарағанды облысында жас туристерге арналған лагерь өз жұмысын бастады

16 Шілде 2019, 05:33
2102
Бөлісу:
Қарағанды облысында жас туристерге арналған лагерь өз жұмысын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шабанбай би ауылында "Жас турист" шатырлы лагері ашылды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Былтырғы жылы тұсауы кесілген жазғы демалыс айлағы биыл 3 ауысым бойынша жұмыс жасап, 90 баланы қамтымақшы. 

08027400015631893881507201928_800x600.jpg

"Жас турист" шатырлы лагерінің ашылу рәсіміне аудан әкімі Салтанат Әбеуова қатысып, барша балақайларға жазғы демалыстарын жайлы өткізуіне тілектестік білдірді. 

Лагердің ашылу салтанатының құрметіне "Әуен" ансамблінің өнерпаздары әннен шашу шашты. 

03387160015631893901507201930_800x600.jpg

Салтанатты жиын соңында Шабанбай би ауылының ардагерлер ұйымының төрағасы С.Әубәкіров пен ең жас турист Е.Болат шатырлы лагердің жалауын көкте желбіретті.



Өзгелердің жаңалығы