Қарағанды облысында жарнамаларды мемлекеттік тілде рәсімдеуге көмектесетін Сall-орталық құрылды

1 Наурыз 2019, 10:09
1579
Бөлісу:
Қарағанды облысында жарнамаларды мемлекеттік тілде рәсімдеуге көмектесетін Сall-орталық құрылды

Астана. BAQ.KZ. Жергілікті кәсіпкерлер сыртқы жарнамалар мен визуалды ақпарат мәтінін рәсімдеуге көмектесетін бірыңғай Сall-орталыққа жүгіне алады.

Мұнда WhatsApp және Telegram мессенджерлерін қолдану арқылы да кеңес алуға болады. 

"Егер сіз баннерде жарнама мәтіні, фирмаңыздың немесе дүкеніңіздің атауы қазақ тілінде сауатты жазылғанына күмәндансаңыз, онда тексеру үшін 8-775-881-40-42 және 8-778-355-21-80 WhatsApp нөмірлері арқылы мамандардың көмегіне жүгіне аласыз. Бұл қызмет тек сыртқы жарнамаға қатысты екенін атап өткім келеді. Біз аудармамен айналыспаймыз, бірақ жарнама мәтіні, фирма немесе дүкен атауы қазақ тілінде қаншалықты сауатты жазылғанын тексереміз. Бұл қызмет түрі тегін", - деді тілдерді дамыту бойынша басқарманың бөлім басшысы Әсел Қашқынбекова. 

Сонымен қатар тілдерді дамыту бойынша басқарма Фейсбук және Инстаграмм парақшаларында облыстың аудан, қалаларындағы жауапты мамандар туралы, жұмыс телефон нөмірлерімен, WhatsApp, электронды поштасы көрсетілген ақпаратты жариялады. 
 

Өзгелердің жаңалығы