Қарағанды облысындағы өндіріс орындарында 29 мыңнан астам әйел еңбек етуде

6 Наурыз 2019, 22:31
1617
Бөлісу:
Қарағанды облысындағы өндіріс орындарында 29 мыңнан астам әйел еңбек етуде

Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ірі,орта және шағын кәсіпорындарда 29 278 әйел жұмыс істейді. Солардың бірі, көп жылдан бері ірі өндіріс орнын басқарып жүрген– Мақсат Мұратбекова. Еңбек жолын 1985 жылы Павлодар облысына қарасты Қалқаман жол бойы машиналары зауытында инженер-инструктор, аға инженер-технолог ретінде бастаған. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Кейін Шахтинсктегі шағын механизацияның стандартталмаған қондырғылар зауытында өндіріс цехы шебері болады. 20 жылғы аралықта цех басшысының орынбасары, цех бастығы, өндірістік-диспетчерлік қызмет басшысы, зауыдтың өндіріс бойынша директоры орынбасары, бас инженер лауазымдарын атқарады. Ал 2011 жылдың мамыр айынан бастап «Құрылысмет» ЖШС ШМСҚ №2 кәсіпорнына жетекшілік етуде.

Білікті басшының 2009 жылдың тамыз айында іске қосылған №6 тау-кен құрылғыларын жөндеу цехының ашылуына да қосқан үлесі зор. Бұл қосымша 70-ке жуық жаңа жұмыскер алуға мүмкіндік берді.

Мақсат Секенқызы үңгілеу комбайндарын дайындау сызбаларын, сонымен қатар бөлшектерді жасау және күрделі жөндеудің техникалық құжаттарын әзірлеу жұмыстарын басқарады. Оның жетекшілігімен өндіріс орнында өнім сапасын анықтайтын акредитациялық зертхана жұмыс жасайды.

Аталмыш зауыд ИСО 9000 сериялы Халықаралық стандарттарға сай келетін менеджмент сапасы жүйесін енгізуге қажетті барлық кезеңдерден өтіп, арнайы сертификатты иеленді.

Мақсат Мұратбекқызы II и III дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ол қаланың қоғамдық өміріне де белсенді араласуда. Екі рет қалалық маслихат депутаты сайланды. Әріптестері оның жоғарғы кәсібилігі мен ұйымдастырушылық қабілеттерін ерекше бағалайды.

Бүгінгі күні аймақта әртүрлі деңгейдегі қайта өңдеу кәсіпорындарында барлығы 16 646 әйел нәпақасын табуда. Олардың 8 907 - металлургия саласында.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат департаментінде 3 903 әйел еңбек етеді. Олардың 1 133 әкімшілік блокта қызмет етсе, 2 770 жұмысшы мамандық иелері.

Облыста өндіріс саласында еңбек ететін әйелдер саны бойынша Қарағанды көш бастап тұр. Бүгінде олардың саны 9 463-ке жетті.

Өзгелердің жаңалығы