Қарағанды облысындағы мектептерде құқықтық тәрбие бойынша онлайн-сабақ өтті

29 Қаңтар 2019, 11:59
3022
Бөлісу:
Қарағанды облысындағы мектептерде құқықтық тәрбие бойынша онлайн-сабақ өтті

Астана, BAQ.KZ. Мектеп директорларына жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызы туралы ескертілді. 31 қаңтарда полицейлердің қатысуымен арнайы жиналыс өтеді. Оның нәтижесі бойынша жетекшілер мектептерінде түсіндіру жұмыстарын өткізулері тиіс. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Сонымен қатар оқушылар үшін сынып сағаттары ұйымдастырылады. Оған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар қатысады. Ол жайлы Қарағанды қаласының білім бөлімі жетекшісінің орынбасары Арман Бақтыбаев мәлімдеді.

Облыстың барлық білім мекемелерінде құқықтық тәрбие бойынша онлайн-сабақтар өткізілді. Оған оқушылармен қоса, прокуратура, облыстық Полиция департаменті, ҮЕҰ, білім саласының өкілдері мен ата-аналар қатысты.

Бұған қоса аймағымыздың әрбір мектептерінде үнемі түрде сауалнама өткізіледі. Ол оқушылардың агрессия және мазасыздық деңгейін анықтауға септігін тигізеді. Кімде-кімнің көрсеткіштері жоғары болса, психологтар олармен жеке жұмыс жасайды.

«Барлық мектептерде психолог-педагогтер қызмет етеді. Олардық шаралар жоспарына девиантты, агрессивті балаларды анықтау бойынша жұмыстар енгізілген. Ондай балаларды анықтағанда, психологтар мен тәрбие жөніндегі орынбасарлар мектеп ішілік құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінде шешім қабылдайды. Оқушыны ішкі есепке қойып, немесе досьені полицияға, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімге тапсырады», - дейді Қарағанды қаласыныңы білім бөлімі жетешісінің орынбасары Арман Бақтыбаев.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шараларды 28-ші қаңтарда Қарағанды қаласындағы бір пицерияның маңында оқушылар арасында болған төбелестен соң үдету туралы шешім қабылданған. Полиция «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушыларды метепішілік немесе полиция есебіне алу туралы мәселе шешіліп жатыр. Осыған дейңн олардың ешбірі полиция көзіне түспеген, есепте тұрмаған. Мектепте оларға оң мінездеме берілген.

Өзгелердің жаңалығы