Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар учаскелерде алдын алу жұмыстары жалғасуда.

31 Наурыз 2019, 16:14
1734
Бөлісу:
Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар учаскелерде алдын алу жұмыстары жалғасуда.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстағы су қоймаларда мұз кептелісінің алдын алу мақсатында жарылыс жұмыстары жалғасуда. Өткен тәулікте Осакаров, Нұра және Бұқар Жырау аудандарында Қарғалы, Сабыр-Қожа, Жаман-Қон және Өткелсіз өзендерінде мұз жарылды. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Бұқар Жырау, Шет, Абай, Осакаров, Нұра аудандарының елді мекендерінде қорғау үйінділерін нығайту, қаптарды төсеу, инертті материалдарды себу, суды бұру және сору жұмыстары жүргізілуде. Шараларға жергілікті атқарушы органдардың, Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелерінің, Ұлттық гвардияның №52859 әскери бөлімінің күштері мен құралдары, жергілікті халық жұмылдырылды.

Тұрғын үйлерді су басу фактілеріне жол берілген жоқ.

Шет ауданының Қызылқұм ауылында су бұру, қорғаныс үйіндісін нығайту жұмыстары аяқталды. Өзен бетінде мұзды ұсақтау жұмыстары өткізілді. Жағдай тұрақтандырылды. Қазіргі уақытта үйлер мен аула аумақтарын су басу деректері жоқ. Су деңгейі төмендеді.

Шет ауданының Көктенкөл стансасында өткізілген іс-шараларының арқасында тұрғын үйлерден суды бұрып жіберу мүмкін болды. Су басқан үйлер жоқ.

Республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде еріген қар суының көлемі ұлғаюына байланысты Бұқар Жырау, Нұра, Абай, Жаңаарқа және Шет аудандарында су тасқыны болып жатыр.

Республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының 74 шақырымына судың қарқынды жүруі тоқтатылды. Жол ашық.

Облыстың су қоймаларынан су жіберу жұмыстары жалғасуда.

Су тасқынына қатысты жағдай тұрақты бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы