Қарағанды облысында кітапхана қорларын цифрлау жүргізілуде

2 Тамыз 2019, 14:23
1926
Бөлісу:
Қарағанды облысында кітапхана қорларын цифрлау жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс кітапханаларында қорды цифрлау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл шара құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және ақпарат көздеріне қашықтан қол жеткізу үшін қажет. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Бірінші кезекте Өлкетану әдебиеті қоры цифрланады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Рухани Қазына» қосымша бағдарламасы бойынша ақпараттық технологияларды дамыту жобалары іске асырылуда.

Кітапханалар мақалаларды цифрлап қана қоймай, толық мәтінді мәліметтер базасын, электронды кітапханаларды құрады. Бүгінде 53 мыңға жуық құжат цифрландырылды, бұл 164 мыңнан астам бет. Цифрланған құжаттар электрондық каталогқа тіркеледі. Қазіргі таңдв 35720 өлкетану құжаттары байланыстырылған. Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасына өлкетану сипатындағы 396 кітап атауы берілді.

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бірегей өлкетану ресурстарын өндірумен айналысуда. Ауқымды жоба облыстың әдеби атласын, "Қаз дауысты Қазыбек би" электронды энциклопедиясын, Облыстың еңбек даңқы Кітабын, өлкетану серуенін және т. б. құруды қамтиды.

Өлкетану мерзімді басылымдары маңызды және құнды, бірегей және көбіне жалғыз ғана ақпарат көзі болып табылады. Сондықтан цифрлық технологиялар арқылы оларды сақтау өте маңызды.

Облыс кітапханалары мобильді және интернет-технологияларды пайдалана отырып, кітапхана қызметтері мен сервистерін кеңейтеді.

Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша "Карлаг тарихы сандық форматта" жобасын жүзеге асырды. Бүгінгі таңда 30-шы жылдардағы газеттер цифрландырылды. Толық мәтінді мәліметтер базасы бар "сандық форматта Карлаг" электрондық каталогы құрылды.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында елдің барлық кітапхана қорын 2022 жылға дейін кешенді цифрлауды аяқтау көзделген. Облыста үдерісті жеделдету үшін кітапханаларға планетарлық сканерлер сатып алу және штатқа цифрлық сала маманын қабылдау жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы