Бас жаңалықтар
Қарағанды облысында Халықаралық театр күні аталып өтті
27 Наурыз 2019, 20:13 459

Қарағанды облысында Халықаралық театр күні аталып өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында халықаралық театр күні тойланды. Жыл сайын дәстүр бойынша, осы күні өңір театрларының әрқайсысы кезекпен қонақтарды қабылдайды. Биыл облыс бойынша актерлер, сценаристер мен режиссерлер Станиславский атындағы орыс драма театрында жиналды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Театр фойесінде «Актерлік ырымдар мұражайы» құрылды. Экспонаттар ретінде мамық пен қауырсын, шек тұяғы, режиссерлік орындықтар ұсынылды, ол орындыққа сенім бойынша, режиссердің өзінен басқа ешкімге отыруға болмайды, актер «елесі» және «Кудыкины горы» мифтік макеті ұсынылды.

«Ырымшылдық бізде жиі кездеседі. Біріншіден, егер пьеса мәтіні бар парақтар құлап қалса, онда тез көтеру керек және өз рөлін сәтсіз етпеу үшін оларға міндетті түрде отыру керек. Мен өзім әрдайым, қайда болсам да отырамын. Гриммді де мұрыннан бастап жағуға болмайды. Тіпті Айнаға жиі қарауға болмайды», - дейді Станиславский атындағы театр актері Иван Немцев.

Дегенмен, ырымға барлық актерлер сене бермейді. Мысалы, Академиялық музыкалық комедия театрының актері Виталий Ковалев өз-өзіңе сенімділік – сахнада табысқа жетудің кепілі деп есептейді.

«Әрине, мен театрда жұмыс істей бастағанда, сахнаның мастодонттары маған егер рөлім құлдыраса, оған отыру керек деп айтқан болатын. Мен отырдым, ал олар сырттай күліп, мысқылдаған еді. Қазір мен ырымдарға сене қоймаймын – менің ойымша, бұл тек қана ескіріп қалған дағдылар. Кейбіреулер, мысалы рөлді ұмытпау үшін басты жумайды. Ең бастысы – өзіңе деген сенімділік», - дейді ол.

Алайда барлық жерлерде дерлік актерлік дәстүрлер бірдей. Мысалы, 27 наурызда театр күні әртістер «капустникке» жиналады, онда ән айтады, өлеңдер мен пьесалар оқиды, әзілдейді. Кейде сахнада болған қызықты оқиғаларды талқылайды.

«Спектакль кезінде жиі сөздер ұмытылады. Онда да аяқ асты ойлап тауып, қиындықтан шығу керек болады. Әдетте мен ұзақ уақыт пауза ұстаймын. Көрермендер бұл психологиялық сәт тереңірек деп ойлайды,ал мен жай ғана сөздерді еске аламын. Кейде әріптестеріміз жағдайдан шығуға көмектеседі», - дейді Станиславский атындағы театр басшысы Дунай Еспаев.

Мереке құрметіне орыс драма театрының сахнасында «ерекше концерт» қойылды. Қонақтарға қысқа әзіл-сықақтар көрсетілді.

Концерт аяқталған соң Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев үздік актерлер мен театр қызметкерлеріне құрмет грамоталарын тапсырды.

Қарағанды облысында барлығы бес театр жұмыс істейді: Қарағанды облыстық Халықтар Достығы ордені Сейфуллин атындағы Қазақ драма театры, Қарағанды мемлекеттік Халықтар Достығы ордені Станиславский орыс драма театры, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры, Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры және Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры.

Загрузка...

Сізден жаңалық