Қарағанды облысында дәрігерлер туралы мәліметтер жазылған интерактивті карта жасалды

13 Тамыз 2019, 00:37
1442
Бөлісу:
Қарағанды облысында дәрігерлер туралы мәліметтер жазылған интерактивті карта жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жас медицина кадрлары туралы барлық ақпарат жинақталған интерактивті карта жасалды. Оның көмегімен қандай ауруханаға немесе емханаға медуниверситеттің түлегі жұмыс істеуге келетінін білуге болады.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінне хабарлағандай, өңірде жұмыс істейтін жаңа медициналық қызметкерлер, енді GOOGLE-картада көрінетін болады. Карта аймақтық денсаулық сақтау басқармасымен жасалды. Сілтеме бойынша өтетін кез келген адам – дәрігердің аты-жөні, мамандығын , сондай-ақ ол бекітілген медициналық ұйымды көре алады. Сауалнама мәліметтерінен басқа, дәрігер профилінде мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат көрсетілетін болады.

"Мемлекет жас дәрігерлерге елеулі әлеуметтік қолдау көрсетуде. Мысалы, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы төлеу, тұрғын үй беру, отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру қарастырылған. Сондай-ақ, кейбір медициналық ұйымдар өз бюджетінен қосымша көтерме ақы төлейді", - делінген хабарламада. 

Әзірге картаға 57 дәрігердің деректері енгізілген. Олар емханалар мен ауруханаларда жұмысқа кірісті. Жыл соңына дейін облысқа 446 маман келеді деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы