Қарағанды облысында COVID-19 тағы 33 жағдайы анықталды

6 Маусым 2020, 10:52
1267
Бөлісу:
Қарағанды облысында COVID-19 тағы 33 жағдайы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияның 33 жағдайы тіркелді. 

33 науқаста ПТР талдауы COVID-19 растады. Инфекция жұқтырған адамдар бұрын жұқтырған адамдармен жақын байланыста болған адамдарды қарау және скрининг жасау кезінде анықталды.

Олардың арасында 27-сі - қарағандылықтар, біреуі - Теміртау қаласының тұрғыны, үшеуі - Жезқазған және бір адамнан Саран мен Бұқар жырау ауданының тұрғындары. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Инфекция ошақтарында зарарсыздандыру шаралары жүргізілді.

5 маусымдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында инфекцияның 1 105 жағдайы тіркелген, оның ішінде 5 адам қайтыс болып, 405 адам жазылды.

Өзгелердің жаңалығы