Қарағанды облысында алаяқтардан келген материалдық шығын 1,5 млрд теңгені құрады

20 Қыркүйек 2019, 00:33
1536
Бөлісу:
Қарағанды облысында алаяқтардан келген материалдық шығын 1,5 млрд теңгені құрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының прокуратурасы аймақтық коммуникация қызметі алаңында алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша брифинг өткізді.

Іс-шараға Қарағанды облысының Полиция департаменті мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ облыстық филиалының өкілдері қатысты.

«Қарағанды прокурорлары мен полиция қызметкерлерінің мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін өңірде алаяқтық 17%-ға (2222-ден 1989-ға дейін) төмендеген, алайда 2018 жылы олардың саны 7,2%-ға (1854-тен 1989-ға дейін), 2019 жылдың 8 айында 6%-ға (1437-ден 1522-ге дейін) өскен. 2019 жылдың 8 айында алаяқтықтан болған жалпы материалдық шығын шамамен 1,5 млрд теңгені құрады, оның тек 36%-ы (549 млн  теңге) өтелді», - делінген хабарламада.

Банк несие карталары, әлеуметтік желілер, мессенджерлер, жарнамалық сайттар арқылы зиянкестер сенім білдірген азаматтарды адастырып, қорқытып немесе алдау жолымен өз еркімен ақша аударуға мәжбүрлейтін  алаяқтыққа назар аударылды.

Сондай-ақ, спикерлер алаяқтықтың әртүрлі әдістері мен тәсілдері туралы айтып, жеке мүлікті жоғалтудан қалай сақтану керектігін түсіндірді, азаматтарды сақ болуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы