Қарағанды облысында 200-ге жуық жаңа стартап-жоба қолдау табады

18 Ақпан 2019, 15:24
1697
Бөлісу:
Қарағанды облысында 200-ге жуық жаңа стартап-жоба қолдау табады

Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысында мемлекеттік қолдау шағын және орта бизнестің дамуына үлкен септігін тигізді. Бұл салада соңғы жылдардағы ең үлкен көрсеткіштер байқалуда. Өндіріс 21% астам жоғарылаған, әрекеттегі субъектілер 6 % өскен, ал жұмыс орындары 6,4% ұлғайды.

«Бизнестегі жаңа қатысушылардың белсенділігі тіркелген субъектілердің саны артқанын көрсетуде. Аталмыш көрсеткіш облыста 1,7%-ға артты. Ол жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында шағын несиелеудің кеңеюінмен байланысты болып отыр», - деп мәлімдеді Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаева облыс әкімдігінде өткен отырыс барысында.

Татьяна Аблаеваның айтуынша, жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша шағын несиелер анағұрлым қолжетімдірек болды. 2018 жылы облыста 1245 шағын несие берілді. Олардың басым бөлігі Аграрлық несие корпорациясы мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы берілген.

2019 жылы облыс тұрғындары тағы 1500 шағын несие ала алады деп жоспарлануда. Ол қаржылай қолдаулар Жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша да беріледі. Елбасының 4-ші әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруға биыл 6,1 млрд теңге қарастырылған. Бұл соманың 4 млрд теңгеден астамы ауыл тұрғындарына арналған.

Өңірде құрылған моноқалалардағы бизнесті дамытуға бағытталған Микроқаржылық ұйымның арқасында қолдау арттырылады. Ірі компаниялардың арқасында оны 1 млрд теңгеден астам қаражатқа қорландыру жүзеге асырылады. Басқарма басшысының айтуынша, бұл шамамен 200 стартап-жобаны қолдауға мүмкіндік береді және жүздеген жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді.

Облыста «бизнес-мектеп» және «Бастау бизнес» жобалары бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді оқыту жалғастырылады, деп хабарлады баяндамашы.

Басқарманың мәліметінше, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 1,5 млрд теңге бөлінген. Бұл тағы 250-ден астам жобаға екінші деңгейлі банктің пайыздық мөлшерлемесін төмендетуге мүмкіндік береді.

«Шағын және орта бизнесті дамыту көрсеткіштері бойынша әкімдердің жұмысы бағаланады. Сіздер бұл үшін жауап бересіздер. Жергілікті жерлерде көмек көрсету үрдісі «қолмен басқару» қағидасы бойынша қойылуы тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Өзгелердің жаңалығы