Қарағанды облысында 1 800 адам «Бастау» жобасы бойынша білім алды

10 Қазан 2020, 04:57
1302
Бөлісу:
Қарағанды облысында 1 800 адам «Бастау» жобасы бойынша білім алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында биыл «Бастау» жобасының курстарында 1 800 адам білім алды. Негізінен тұрғындары ауылда бизнес жүргізуді жөн көреді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алушылардың 60%-дан астамы ауыл шаруашылығы саласында өз ісін ашқысы келеді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бастау» жобасы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тарту, сондай-ақ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады. 2020 жылы Қарағанды облысының 1 800 тұрғыны оқудан өтті. Білім алушылар тізімінде әр түрлі тыңдаушылар болды, олардың әрқайсысы өзінің бірегей жобасын ұсынды, - дейді «Атамекен» ӨКП кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің сарапшысы Әсем Бұхарбаева.

Биылғы жылы оқыту онлайн режимінде жүргізілді. Қалалар мен аудандарда 8 жаттықтырушы және 18 кеңесші жұмыс істеді. Бейнесабақтар, конспектілер мен тұсаукесерлер әзірленді. Бизнес-жоспарды қатысушылар қашықтан да ұсынды.

Оқыту курстары қатысушыларға бизнес-идеядан бастап, қаржылық есептеулерге дейін базалық жалпы кәсіпкерлік білімді меңгеруге  көмектесті. Курс аяқталғаннан кейін жаттықтырушылар тыңдаушыларға кеңес беріп, тағы бір жыл сүйемелдеу көрсетеді.

Барлық тыңдаушыларға сертификаттар беріледі. Олар гранттар беру байқауына қатыса алады немесе жеңілдікті қаржыландыру ала алады. Бүгінде 2020 жылғы жобаның 182 түлегі мемлекеттік грант иегері атанды. 56 қатысушы өз бизнесін ашу немесе дамыту үшін жеңілдетілген несие беруді пайдаланды.

Айта кетейік, қаржыландыру әлі де жалғасуда.



Өзгелердің жаңалығы