Бас жаңалықтар
Бүгін
Қарағанды оқиғасы: ІІМ күдіктіге өз еркімен берілуге кеңес береді
08 Қаңтар 2019, 10:11 589

Қарағанды оқиғасы: ІІМ күдіктіге өз еркімен берілуге кеңес береді

Астана, baq.kz. Қарағандыдағы кісі өліміне қатысты 8 күдікті тұтқындалды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді.

«Бүгінгі күні Қарағандыда бұзақылық әрекет жасап, 23 жастағы жігітті өлтірді деген күдікпен 8 адам ұсталып тұтқындалды және күдіктілердің бірі Гурурянға іздеу жарияланды. Тергеу аясында полиция тобы оның болуы мүмкін жеріне кетті. Күдіктінің берілуге дайын екендігі туралы мәлімдемесі желіге жариялануына байланысты осыдан 2 күн бұрын оның туыстарына қызметкерлеріміздің байланыс деректері берілген болатын. Алайда осы күнге дейін ешкім байланысқа шыққан жоқ», - деді Алмас Садубаев.

Департамент басшысы еліміздің Ішкі істер министрлігі істің объективті әрі жан-жақты тергелетіндігіне кепіл беретіндігін атап өтеді. 
Сонымен қатар азамат Гурурянға өз еркімен полиция қызметкеріне берілуге кеңес береді.

«Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің айрықша бақылауына алынған»,  - деді ол.

Естеріңізде болса, бұған дейін билік өкілдері Қарағандыда көз жұмған жігіттің отбасымен кездескен болатын.

Сізден жаңалық