Қарағанды медицина университетінде жаңа мамандық пайда болды

12 Шілде 2019, 07:26
3935
Бөлісу:
Қарағанды медицина университетінде жаңа мамандық пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды медицина университетінде бакалавриат деңгейінде - «IT- Медицина» жаңа аралық мамандығы ашылды. Ол республика бойынша бірыңғай мамандықтар тізіліміне енгізілген. Биылдан бастап бірінші түлектерін қабылдап жатыр. 


Қарағанды медицина университетінен хабарлағандай, білім беру жүйесінде жаңа мамандықтың пайда болуы республикамыздың әртүрлі салаларындағы сандық жүйенің белсенді түрде дамуына әкелді, оның ішінде денсаулық сақтау да. Осы бағытта жаңа жобалардың туындауы дәл осы медицина саласындағы ақпараттық технологиялар бойынша мамандардың процеске қатысуына байланысты. 

Бакалавриат құзіреті ақпараттық технология, медицина, статистика және деректерді саралау сияқты білім салаларының басын біріктіреді. Бұл халық арасында дұрыс диагноз қою, емдеу жүргізу мен аурудың алдын алу үшін айтарлықтай заманауи бағдарламаларды және алгоритмдерді дайындауға мүмкіндік береді. 

"Бағдарламаны бір жылға жуық әзірледі. Бұл аралас мамандық, яғни студенттер екі бағыт бойынша білім алатын болады. Біріншісі-ақпараттық технологиялар және бағдарламалау. Екінші-медициналық. Бұл дайын IT-мамандар медициналық қаріптерді, кодтарды және т.б. шешуі үшін қажет. Біз ҚМАЖ, республикалық орталық және Damumed сияқты жеке компаниялар үшін болашақ мамандарды даярлайтын боламыз", - деп түсіндірді Қарағанды медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы Бахтияр Серік.

Оның айтуынша, оқу үдерісі бірден екі ЖОО-да өтеді: Қарағанды медицина университеті мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде. Оқу мерзімі – 4 жыл. Бітіргеннен кейін түлектер екі жоғары оқу орнынан екі дипломын алады.


Өзгелердің жаңалығы