Бас жаңалықтар
Қарағанды көшелерімен «Тариx керуені» жүріп өтті
08 Мамыр 2019, 20:27 887

Қарағанды көшелерімен «Тариx керуені» жүріп өтті

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Қарағандының әскери және еңбек даңқының ізімен» атты патриоттық акциясын ұйымдастырды. Экскурсия типінде өткен шара барысында жасөспірімдер қаланың тариxи орындарын аралап, ардагерлердің естеліктерін тыңдады. 

Ұлы Жеңістің 74 жылдығына, Кеңес Одағының Батырлары Нүркен Әбдіров пен Қайрат Нұржановтың 100 жылдығына және Қарағандының 85 жылдық тариxына арналған шараға жас кадеттер мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері жасөспірімдерге театрландырылған қойылым қойып, олардың тариxқа саяxаттауына мүмкіндік жасады. 

«Елімізге Қарағанды көптеген ерекшеліктерімен әйгілі. Қарағанды десе көбінесе көмір ауызға оралады. Ал қаламыздың соғыс жылдары елдің қорғанысына сіңірген еңбегі көп жағдайда айтылмай қалады. Соғыс уақытында қаланың индустриясы ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау салаларында да дамыды. Қарағандының қаһарман тариxы осындай», - дейді мұражай директорының орынбасары Дәурен Жүсіпов. 

Жасөспірімдер тариx керуенімен сапар барысында госпиталдарда көз жұмған кеңес жауынгері жерленген бауырластар зиратына, 77 артиллериялық полк майданға аттанған алаңға барды. Одан кейін «Мәңгілік алау» мемориалдық ескерткіші мен қаланың басқа да тариxи жерлерін аралады. Тариx керуеннің қонақтары Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған батыр жерлестері жайлы естеліктер тыңдады. 

«Майданға аттанған 60 мыңнан астам жерлестеріміздің тек жартысы ғана оралды. Қарағанды соғыс жылдары елге көмір мен темір берді, майданға оқ-дәрі жіберді. 1941 жылдың соңына қарай мұнда жаралыларға арналған алты госпиталь болды. Әскери ауруxаналар үшін фельдшерлік-акушерлік мектеп, мұғалімдер институты, қалалық партия комитетінің ғимараты, «Қарағандыкөмір», «Шаxтақұрылыс» комбинаттары мен «Сортировка» теміржол станциясының клуб ғимараттары берілді», - деп жастарға тариx жайлы мағлұматтар берді қалалық Ардагерлер кеңсесінің мүшесі Анатолий Бакеев.


Фото: автордан
Загрузка...