Қарағанды дәріханаларына парацетамол жеткізілді

3 Шілде 2020, 09:01
1434
Бөлісу:
Қарағанды дәріханаларына парацетамол жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды дәріханаларына соңғы бір аптадан бері тапшы болған парацетамол түсті. Әзірге оны тек ірі дәріханалардан алуға болады. Бұл туралы "Хабар24" арнасы хабарлады. 

Жауапты мамандар өңірге Ресейден шығарылған 11 мың қорап дәрілік заттың жеткізілгенін хабарлап отыр. Тауар қаладағы 400-ге жуық дәріханаға жеткізіледі. Бірақ қайтадан тапшылық тудырмас үшін бұл жолы бір қолға 3 пластинкадан ғана беріледі. 

Парацетамол дәрісі жеткізілді. Бір пластинкасы 85 теңге. Қазір қанша тауар келгенін санап жатырмыз. Жеткілікті мөлшерде келді деп ойлаймын, - дейді фармацевт Алена Францен.

Мен келдім де екі пластинка дәрі алдым. Әзірге жетеді деп ойлаймын. Ал егер бәрі келіп 20-30-дан алса, әрине, дәрі тапшылығы туындайды. Сондықтан есеп пен бақылау болуы тиіс деп ойлаймын, - дейді қала тұрғыны Ирина Фефелова.

Өзгелердің жаңалығы