Қарағанды айналма жолы 2020 жылы жарықтандырылады

17 Наурыз 2020, 16:01
2002
Бөлісу:
Қарағанды айналма жолы 2020 жылы жарықтандырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласын айналып өтуге мүмкіндік беретін жолда 2020 жылы жарық пен қоршау нысандары пайда болады.

"Қарағанды қаласының айналма жолы" мен "Қарағанды – Теміртау" 1444-1457.4 учаскесіндегі қозғалыс өткен жылдың желтоқсанында ашылған болатын. Нысан 2020 жылы ресми түрде пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Алдағы құрылыс маусымында жолшылар қоршау нысандарын орнатып, жолды жарықтандырмақ. Ұзындығы 14 шақырымды құрайтын "Теміртау-Қарағанды" автомобиль жолының реконструкциясы 2017 жылы басталған болатын. 

37f225a9-138f-4803-bb27-7dab6029a4d0.jpg

Бір жылдан кейін құрылысшылар ұзындығы 47 шақырымды құрайтын "Қарағанды қаласының айналма жолы" жобасын іске асыруға кірісті. Жобаға қаланың Солтүстік және Шығыс айналма жолдары да кіреді. Жобаны "Дәулетдорстрой" және "Сине Мидас Строй" ЖШС сияқты екі мердігерлік ұйым іске асыруда.

24520c58-ba07-4054-ac40-93adb7d5eec3.jpg

Солтүстік және Шығыс айналма жолдарын қайта жаңарту аясында Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының бағыттары бойынша 7 көлік айырығы салынды. Сондай-ақ, теміржол мен Солонка өзені арқылы өтетін ұзындығы 232 қума метр болатын эстакада салынып, су өткізгіш құбырлардың 64 бірлігін орнату жұмыстары жүргізілді.

Алдағы құрылыс маусымында жобаға 306 бірлік техника мен 670 адам тартылады деп күтілуде.

Қазіргі таңда 4 жолақты жол 1-б санатына жатқызылады. Жол Қарағандыны айналып өтетіндіктен, қаланы транзиттік автомобильдер мен үлкен жүк көліктерінен жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мамандардың есептеуінше, аталмыш жолдан тәулігіне 20 мыңнан астам көлік өтеді.

Еске салайық, Қарағанды облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 2262,6 км құрайды. Оның 80% астамы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.


Өзгелердің жаңалығы