Қарағандыға кіргізбей жатыр деген ақпарат жалған

21 Наурыз 2020, 14:30
1726
Бөлісу:
Қарағандыға кіргізбей жатыр деген ақпарат жалған

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін аймақ тұрғындары арасында Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы облыс орталығына кіргізбей жатыр деген ақпарат тарады. Қарағанды облысы әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын айтады.

Әлеуметтік желі арқылы тараған ақпаратта Қарағанды қаласына автокөліктердің кіруіне шектеу қойылғандығы, сол себепті қалаға кіреберістерде кептеліс орын алғандығы жайлы айтылады.

Whatsapp желісі арқылы Қарағандыға кіргізбей жатыр деген фейк ақпарат тарап жатыр. Еске саламын, аймақта бірнеше блок-бекет жұмыс істейді. Мамандар қалаға келушілерді тексеруде. Сондықтан да кептеліс болуы мүмкін. Қазіргі уақытта қалаға кіруге ешқандай шектеу жоқ,- дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Марина Шапавалова.

Еске салайық, Қарағанды облысының жолдарында 6 санитарлы блок-бекет ұйымдастырылған. Онда құқық қорғау органдарының қызметкерлері және сэс мамандары аймақта коронавирус індетінің алдын алу мақсатында көлік жүргізушілері мен жолаушылардың дене қызуын тепловизормен өлшеп, оларда вирус белгілерінің жоқтығына тексеріс жүргізуде. 

Соңғы мәліметтер бойынша, аймақта вирус жұқтырудың жаңа дерегі тіркелмеген. 20 наурыз күні анықталған екі науқастың жағдайы қанағаттанарлықтай. 


Өзгелердің жаңалығы