Қарқаралыдағы ұлттық паркте бизон төлдеді

14 Қыркүйек 2019, 02:43
2881
Бөлісу:
Қарқаралыдағы ұлттық паркте бизон төлдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі тағы бір бизонмен толықты, деп хабарлады 24.kz.

«Осыдан отыз жыл бұрын Ресей зообағынан әкелінген жануарлар төлдеп, көбейіп келеді», - дейді мамандар.Қазір ұлттық табиғи паркте бизонның бесеуі бар. Олардың үшеуі аталық, екеуі аналық. Бастапқыда үш-төрт жылда бір төлдеген екен. Яғни, жабайы табиғаттан жартылай еркіндікке түскен қуысмүйізділер қоршауда күйзеліске ұшырап, ұзақ уақыт бұзауламаған. Уақыт өте келе жергілікті табиғатқа еттері үйренген. Аналық бизон бұзауын 7 айдай емізеді. Олар табиғи жағдайда 20-25 жыл тіршілік етеді екен.

«Әкелген кезде бұлар стресс жағдайында болды, бұл жерге үйрене алмай, көбейе алмады. Қазір үйреніп, жылда бұзаулап, көбейіп келеді. Біздің суығымызға бұлар шыдап, қазір біздің паркте өсіп-өніп жатыр»,- дейді Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің маманы Серғали Канафин.


Өзгелердің жаңалығы