Бас жаңалықтар
Қарқаралыда Абайдың портреті бейнеленген ескерткіш тас орнатылды
10 Қазан 2019, 00:28 662

Қарқаралыда Абайдың портреті бейнеленген ескерткіш тас орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойы қарсаңында Қарқаралы ауданының тұрғыны жерлестеріне сыйлық жасады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Манарбек Кәрім ұлымен бірге Абайдың портретін тастың бетіне қашап бейнеледі. Аталмыш ескерткіш тас Қарқаралы тарихи ғимаратының жанында орнатылды.

"Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Осы үйде Абайдың әкесі Құнанбай қонақ ретінде тұрған. Абайдың өзі балалық шағында мұнда көп рет қонақ болған. 19 ғасырдың екінші жартысында бұл үй татар көпесі Халиолла Бекметовке тиесілі еді. Қазір мұнда аудандық мәдениет бөлімі орналасқан", - делінген хабарламада.

Абай гравюрасы бар ескерткіш тастың салмағы 2,5 тонна, биіктігі - 350 сантиметр.

"Біз тасты Қорғантас тауынан түсірдік, онда бір кездері қалмақтармен үлкен шайқас болған. Трактормен оны үйге алып келіп, жұмыс істей бастадық. Ұлым көп көмектесті, ол өзі эскизді салды. Содан кейін біз Абайдың портретін тасқа түсірдік. Ескерткіш тасты дайындауға 4 күн уақытымыз кетті", - деді автор Манарбек Кәрім.

Айта кетейік, ескерткіш тас орнатылған үй Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романында егжей-тегжейлі сипатталған.



Фото: дереккөз
Загрузка...