Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы президенттен көмек сұрады

9 Қыркүйек 2019, 15:10
6862
Бөлісу:
Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы президенттен көмек сұрады
VIDEO
Фото: Тengrinews.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда қамауға алынған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтиматова ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады.

Зухра Сейтиматова бірнеше жылдан бері алғаш рет қызымен кездескен. Судья 3 қыркүйекте Гуанчжоуда сот залында қызымен 15 минут сөйлесуге рұқсат берген. Бұл туралы ол Тengrinews.kz басылымына айтып берді.

441.png

Зухра Сейтиматова қызымен 15 минут тілдескен сәті / Фото: facebook.com/KazakhstanMFA

Ақжарқын Тұрлыбай өзіне тағылған «есірткі контрабандасына қатысы бар» деген айыпты мойындамайды. Қыз Қытай түрмесінде бес жылдан астам уақыттан бері отыр. 2015 жылдың маусымында Гуандун соты оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бірақ 2016 жылдың мамырында үкім кері қайтырылып, іс жаңадан тергеуге жіберілді. Тengrinews.kz Ақжарқын Тұрлыбайдың анасының президентке өтінішін жариялады.


«2014 жылы март айында менің қызым Ақжарқын Тұрлыбай наркотик кантробандасын тасымалдады деген күдікпен ұсталды. Бес жылдан аса уақыттан бері қызымның үстінен сот жүріп жатыр, тексеріліп жатыр. Содан бері «өмірлік бас бостандығынан айырылсын» деген үкім шығарылды. Одан кейін оны алып тастады. Содан кейін қайтадан тергеу жүріп жатыр. Менің қызымның жағынан – Қытай жағынан, Қазақстан жағынан да адвокаттар тегін көмек көрсетіп жатыр. Оларға менің алғысым шексіз.

Тіл жағынан бізде көп қиындықтар туғызып жатыр.

2015 жылы ЦАРИКЦ деген ұйым Ақжарқын Тұрлыбай – менің қызым нигериялық мафиялардың ұйымның құрбаны болды деген мәлімдеме жасады.

Бірақ Қазақстанның МВД-сы керекті мәлімдеме бермей отыр. Соған қарай жұмыс істемей отыр.

Қазақстан Конституциясының 11-бабы 2-тармағында «Қазақстан азаматтарының құқығы шетелде болғанда да қорғалады» деп айтылған.

... Өзіңіз шетел министерствосында істегеннен кейін сіз білесіз деген ойдамын. Сіз білесіз, сізге ол таныс. Сіз ол жерде жұмыс істегенсіз. Сізден өтініп сұрарымыз. Менің қызымның сол жақтан шығуына көмек берсеңіз. Жалынып сұранамыз. Мен, менің семьям, әкесі, бауырлары, сұрайтынымыз: менің қызыма көмектесіңізші.

Қызымның жазығы жоқ екенін... кешегі барған сотында қытайлық соттың айтқандары, дәлелдері бар.

Бірақ біз жақтан солардың сұраған қағазын бере алмағандықтан... соттың үкімі шыққан жоқ әлі, бізге көмектессеңіз, президент мырза», - деп анасы сөзін аяқтады.


Өзгелердің жаңалығы