«Ақшасын төлейді, отбасымен шешеді» – Аймағамбетов ақылы мектеп олимпиадалары туралы

16 Тамыз 2019, 16:44
2426
Бөлісу:
«Ақшасын төлейді, отбасымен шешеді» – Аймағамбетов ақылы мектеп олимпиадалары туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі ақылы олимпиадалар мен байқауларға қатысты пікірін айтты. 

«Қазір мектептерде кейде көп ата-ана қатысуға мәжбүр болатын ақылы олимпиадалар мен байқауларға қатысты айтар болсам, мұның кейде тиімділігі жоқ. Интернет-олимпиадалар бар. Ақшасын төлейді, тапсырмаларды басып шығарып, үйіне барған соң отбасымен бірге шешеді. Содан кейін орын алады. Бұл қаншалықты дұрыс және қажет?», - деді Аймағамбетов.

Ол Білім және ғылым министрлігінің мектептердегі осындай ақылы олимпиадалар мен байқауларға қатысты ұстанымын айтты. 

«Олар мұндай форматта және мұндай көлемде болмауы тиіс. Олимпиадалар мен байқаулар қажет, бірақ олар БҒМ тарапынан нақты регламенттелетін болады», - деді министр.

Бұған дейін министр 6 жасар балаларды балабақшадан шығару мерзімі өзгеретінін және балабақшаларды қоғамдық бағалау жүйесі енгізілетінін айтты. Сондай-ақ, Аймағамбетов оқушыларды критериалды бағалау жүйесін сынға алып, бұл жүйені одан әрі жаңғыртатынын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы