Ақтөбеліктердің кейбірі ХҚКО-да тегін қызметке ақы төлеп жүр

12 Тамыз 2020, 23:25
1373
Бөлісу:
Ақтөбеліктердің кейбірі ХҚКО-да тегін қызметке ақы төлеп жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбедегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы күніне 600-ден астам азаматтың өтінішін қабылдайды. Олардың 200-і онлайн режимде. Дегенмен, компьютер тілін түсінбейтін тұрғындар ақысыз көрсетілетін қызметтен пайда тауып отырған пысықайларға жем болуды.

Өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Аслан Оразовтың айтуынша, электрондық қолтаңба алу, жүргізуші көлігін жаңасына ауыстыру сияқты қызмет түрлері үшін ешқандай ақы төлеудің қажеті жоқ. Бірақ, кейбір қызмет көрсетуші жеке тұлғалар азаматтардың бұл жайттан бейхабарлығын пайдаланып келеді.

Ал халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін пайдалану үшін алдын ала телефон арқылы кезекке тіркелу керек. Мамандардың айтуынша, жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы берілетін бұл электронды тізімге басқа азаматтың килігуі мүмкін емес.

Егер мен телефон арқылы кезекке тіркелсем, тізімге енгендігім туралы СМС хат келеді. Сондай-ақ, ол менің жеке сәйкестендіру нөміріме бекітілген. Сол талонмен келген азаматқа ғана қызмет көрсетіледі. Оның орнына басқа адам өте алмайды. Себебі, жеке сәйкестендіру нөмірі электронды базадағы броньмен сәйкес болуы тиіс, - дейді Аслан Оразов.

Өзгелердің жаңалығы