Ақтөбелік Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

6 Мамыр 2019, 19:28
2168
Бөлісу:
Ақтөбелік Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақтөбе қаласында орналасқан №6655 әскери бөлімінің клубында, Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. 

Аталған іс-шараны қалалық Жастар ресурстық орталығының қолдау көрсетуімен City04.KZ редакциясы ұйымдастырды.

Мерекелік шара Әскери бөлімнің командирі Мирас Құдайбергеннің құттықтау сөзімен ашылды.

«Бүгін көпұлтты Қазақстан халқы ерекше мейрамды тойлап жатыр. Бұл күн біздің еліміздің тарихында «Отан қорғаушылар күні» деп бекітілген. Аталған мереке қарсаңында халқымыз соғыс ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін құттықтап, оларға аса көңіл бөледі. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, ардагерлерге деген құрмет – біздің басты міндетіміз болып табылады. Бұл күн қазақстандықтар үшін әрқашан ата-бабаларымыздың болашақ ұрпақ үшін фашистік Германиямен соғысуда өр мінезімен, қайсарлығымен есте қалатын болады. Еліміз үшін қан төгіп, қаза болған жандардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды», - деді Мирас Құдайберген.

Ақтөбелік Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілді

Келесі құттықтау сөзін полиция подполковнигі Ғалым Дәулетов жолдап, әскери қызметкерлерді Отан алдындағы өтеп жатқан борыштары үшін әскери қызметкерлерді марапаттады.

Салтанатты шара аяқталғаннан кейін, әскери бөлімнің тәрбиеленушілеріне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы