Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы 50-55 теңге

8 Қаңтар 2022, 14:33
1502
Бөлісу:
Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы 50-55 теңге

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында сұйытылған газ бағасы төмендеді. Қазіргі кезде облыс орталығы мен аудандарда баға литріне 50 теңге. Ал шалғай ауылдарда 55 теңге.

Ақтөбеде газ құю станциялары түгелге жуық жұмыс істеп тұр. Баға 50-55 теңге. Жанар-жағармай бағасы, соның ішінде АИ-92 орта есеппен 175 теңге. Қор жеткілікті,- деді облыс әкімінің орынбасары Ермек Кендеханұлы. Темір ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ауданда 8 газ құю бекеті бар. Баға 50-55 теңге.

Айта кетейік, Ақтөбеде 200-ге жуық газ құю станциясы бар. Теміржол қатынасы қалпына келгенде тасымалдау да жалғасты.

Өзгелердің жаңалығы