Ақтөбеде Сармат қорғанынан табылған алтын бұйымдар зерттелуде

15 Тамыз 2020, 01:22
2849
Бөлісу:
Ақтөбеде Сармат қорғанынан табылған алтын бұйымдар зерттелуде
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Темір ауданына қарасты Тасқопа елді мекені маңынан б.з.д V ғасырда өмір сүрген Сармат көсемінің қорғаны табылғаны мәлім. Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин сондағы алтын бұйымдарының зерттеу жұмыстарымен танысып қайтқанын жеткізді.

2.jpg

Қазіргі таңда бұл жәдігерлерге Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, т.ғ.д. ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Бауыржан Әбішұлы, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының Бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Бисембаев Арман Ауғанұлы және Ресейден арнайы келген ғылым академиясының материалдық мәдениет тарихы институтының реставратор-маманы Курганов Николай Сергеевич ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыр, - деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.

3.jpg

Айтуынша, ғалымдар бұл жәдігерлерді ғылыми-тәжірибелік зерттеудің барлық талаптарына сай зерттеп жатыр екен. Енді жергілікті билік тарапынан Ақтөбе облысындағы барлық сакралды жерлер цифрландырылып, бірізділендірілмек.

Өзгелердің жаңалығы