Ақтөбеде "омикрон" штамы анықталды

9 Қаңтар 2022, 09:51
1144
Бөлісу:
Ақтөбеде "омикрон" штамы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұзақылар қиратқан Ақтөбе облысының әкімдігі көп ұзамай қалыпқа келтіріледі. Қазір ғимарат тазартылып жатыр. 

Қаскөйлер баса-көктеп кірген халықаралық әуежайдың жұмысы да реттелді. Дегенмен интернет желісінің баяулығынан екі бірдей авиа компанияның жолаушыларына қызмет көрсету кешеуілдеп жатыр. 

Жалпы өңірдегі ахуал тұрақты. Күштік құрылым өкілдері облыс орталығы мен аудандарды толығымен бақылауға алған. Алайда аймақтағы эпидемиологиялық ахуал алаңдата бастады. Өйткені облыста короновирустың омикрон штамы анықталып отыр. 

Аймақ басшысы қауіпті індеттің белең алуына адамдардың бір орында топталуы да себеп болуы мүмкін деп мәлімдеді. 

Осындай жағдайларға дейін біздерде күніге ең асып кетсе, 1-2 тіпті мүлдем фактілер жоқ еді. Ал қазіргі таңда осы 70-80 фактіге дейін тіркеліп отыр. Қателеспесем, 70 фактінің ішіндегі 30 шақтысы сол омикрон, -деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Өзгелердің жаңалығы