Енді Ақтөбеде дайын құжаттар тек бір ХҚО-да ғана беріледі

30 Наурыз 2020, 15:52
1923
Бөлісу:
Енді Ақтөбеде дайын құжаттар тек бір ХҚО-да ғана беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы тоқтатылды. Азаматтар қызметтерді тек электрондық форматта алады.

30 наурыздан бастап Ақтөбе қаласындағы Тургенев,109 мекенжайдағы тек бір ХҚО дайын құжаттарды беру үшін бірыңғай терезе ретінде жұмыс істейді. 

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Мұнда ақтөбеліктер онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижесін ала алады. eGov порталында қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін 23 түрлі мемлекеттік қызмет бар.

Мамандандырылған ХҚО-да да дайын құжаттарды беру терезелері ғана жұмыс істейді, онда автокөлігін қайта тіркеуге қойған немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырғандар дайын құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірін ала алады, - делінген хабарламада.

Қызмет алушылардың дайын құжаттарын беру жұмысына "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері тартылған. Олардың барлығы қорғаныс және дезинфекция құралдарымен жабдықталған.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.


Өзгелердің жаңалығы