Ақтөбеде қалалық полиция басқармасының бастығы тағайындалды

24 Ақпан 2020, 13:01
6066
Бөлісу:
Ақтөбеде қалалық полиция басқармасының бастығы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев жеке құрамға Ақтөбе қалалық полиция басқармасының жаңа бастығын таныстырды.

ҚР ІІМ келісімі бойынша Ақтөбе қалалық полиция басқармасының бастығы болып полиция полковнигі Бауыржан Атабаев тағайындалды.

Атабаев Бауыржан Ахметұлы 1969 жылы туған. 

Ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары тергеу және жедел бөлімшелерде жұмыс істеді. 

2016 жылдан бастап, Ақтөбе облысының ПД басқармасын басқарды.

Іс-шара соңында ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев Полиция департаментінің бастығы және жалпы ҚР ІІМ басшылығы қойған құқықбұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі міндеттер туралы еске салды. Мүліктік сипаттағы қылмыстарды және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ Ақтөбе қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аудару қажеттігі айтылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Өзгелердің жаңалығы