Ақтөбе облысының тұрғыны үйде қару-жарақ арсеналын сақтаған

12 Мамыр 2022, 13:55
1038
Бөлісу:
Ақтөбе облысының тұрғыны үйде қару-жарақ арсеналын сақтаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының тұрғыны үйде қару-жарақ арсеналын сақтаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шалқар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріне Бершүгір бекетінің тұрғыны атыс қаруын заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті. 

Осы ақпаратты тексеру кезінде 10 мамырда Бершүгір станциясының 37 жастағы тұрғынын тінту барысында сарайындағы үстелдің астынан 12 калибрлі жартылай автоматты тегіс ұңғылы Сайга мылтығы, 12 мм калибрлі 56 дана патрондар, тегіс ұңғылы Сайга мылтығынан оптикалық көру, аңшылық пышақ табылды және алынды. Одан басқа үйдің ауласында орналасқан қорадан маркасы белгісіз тегіс ұңғылы 12 калибрлі шолақ мылтық, 4,5 мм калибрлі пневматикалық мылтық алынды. 

Ер адамның қару сақтауға рұқсаты жоқ екені анықталды.

 Қару-жарақ бойынша сараптама тағайындалды. ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы