Ақтөбе облысында комендаттық сағаттың уақыты өзгерді

9 Қаңтар 2022, 16:43
3182
Бөлісу:
Ақтөбе облысында комендаттық сағаттың уақыты өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында 10 блок-бекет қойылды, оның үшеуі қаладан шығар бетте, қалғаны облыс аудандарында орнатылған. Сондай-ақ облыста бүгіннен бастап комендаттық сағаттың уақыты өзгерді. Бұл туралы өңір коменданты Қанат Әлиев хабарлады. 

Блок-бекеттер тәулік бойы екі ауысыммен жұмыс істеп тұр. Барлық блок-бекет қажетті техникамен жасақталған. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне ыстық тағам ұйымдастырылған. Ақтөбе мен облыста құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр. Жағдай бақылауда, - деді қала коменданты.

Ақтөбе облысының комендатурасы комендаттық сағаттың уақыты 23:00-ден 07:00-ге дейін өзгергенін хабарлады. 

Өткен түнде коменданттық сағатты бұзғаны үшін полицияға 89 адам жеткізілді. 

Оның 32-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда үш тұлғаға қатысты қылмыс жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 272 бабы 1-бөлімі бойынша жаза-қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, - деді Қанат Әлиев. 

Өзгелердің жаңалығы