Ақтөбе облысында 30 жыл бұрынғы кәріз құрылысы жалғасады

7 Тамыз 2020, 07:46
1623
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 30 жыл бұрынғы кәріз құрылысы жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Қобда ауданында коммуналдық желінің құрылысы Кеңес одағы кезінде басталып, аяқсыз қалған. Бұған дейін тек әлеуметтік нысандар ғана қамтылып келіпті.

Ал биыл республикалық бюджеттен 217 миллион теңге бөлініп, кәріз құрылысы қолға алынған. Қараша айына дейін 12 шақырым құбыр тартылады. Бұл елді мекеннің тең жартысын қамтиды. Сөйтіп, келер жылы аудан орталығы толығымен кәріз жүйесіне қосылмақ.

Бүгінде біз бас тазарту жобасын дайындап қойғанбыз. 2021 жылы соның құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Содан кейін бүкіл аудандық кәріз жүйесін іске қосамыз, - дейді Қобда аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Есет Кенжебек.
Өзгелердің жаңалығы