Бас жаңалықтар
Ақтөбеде мүгедектерге арналған коворкинг орталығы ашылды
12 Ақпан 2019, 08:57 724

Ақтөбеде мүгедектерге арналған коворкинг орталығы ашылды

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласындағы "Астана" ауданы әкімдігінің ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған коворкинг орталығы ашылды. Жаңа әлеуметтік бастаманы қала әкімдігі шаһардың 150 жылдық мерейтойы және "Ақтөбе сыйлығы" жобасы аясында жүзеге асырды.

Коворкинг орталығы қала әкімі Ілияс Испановтың тапсырмасымен және қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасованың қолдауымен ашылды. Жаңа нысанда мүмкіндігі шектеулі жандар кез келген уақытта жиналып еркін жұмыс істей алады, сонымен әр түрлі іс-шаралар өткізуге мүмкіндік бар.

Коворкинг орталығы заман талабына сай барлық техникамен жабдықталған. Мәселен, компьютерлер мен проектор орнатылған, тегін Wi-Fi желісі тартылған, кітапхана, үстел ойындары, кинофильмдер мен мотивациялық роликтер көруге арналған қондырғылар, музыкалық аспаптар және караоке келушілердің игілігіне тапсырылды.

Ұйымдастырушылар енді жаңа орталықта бірқатар тренинг мен шеберлік сынып өткізуді жоспарлап отыр.

Загрузка...