Ақтаулық дизайнер және кішкентай модель шетелдіктерді тәнті етті

13 Мамыр 2022, 17:49
2767
Бөлісу:
Ақтаулық дизайнер және кішкентай модель шетелдіктерді тәнті етті
PHOTO
Фото: автордан

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілші  Грузияда өткен сән көрсетілімінде Ақтаулық жас дизайнер үздік атанды. Ұлттық нақыштағы киім топтамасы шетелдік дизайнерлерді тәнті етті. 

Бірнеше жылдан бері Әсел Зиналиева шабыты мен талантын сән индустриясы саласында нағыз өнер туындыларын жасауға бағыттап келеді. Ол киімдерін қазақи нақышта, заманауи элементтермен үйлестіре отырып тігеді. Сол арқылы ұлттық мәдениетті жандандыруды қолға алған. Жас дизайнердің топтамасы түрлі халықаралық байқауларда ұсынылып келеді. 

Грузия елінің астанасы Тбилиси қаласында өткен «World Rising Stars» байқауынына 10 елдің  дизайнерлері қатысқан. Солардың арасынан ақтаулық Әсел Сағидың «Asel Sagi collection» коллекциясы  үздік атанды. Дизайнер бұл ұзақ және қажырлы еңбектің нәтижесі дейді.

Ақтаулық дизайнер және кішкентай модель шетелдіктерді тәнті етті

 Бұл біз үшін үлкен дәреже. Әрине қуанышымызда шек жоқ. Бізді Тбилиси қаласының мэрі қарсы алып, құрмет көрсетті. Өз кезегінде біз оған ұлттық бұйымдарымызды сыйладық. Сондай-ақ, ірі жобаларға қатысу үшін шетелдік әріптестерімізден шақырту да алдық,- дейді Әсел Зиналиева.

Сондай - ақ, «Top teen&child model of the Planet» байқауы аясында ақтаулық 5 жасар Аяна Өтехан өз жасындағы топ модельдер арасында 1 - ші орынға ие болды. 

Жас модель үшін бұл үлкен жетістік. Әсел Зиналиеваның айтуынша, қазақи нақыштағы ұлттық киімдер шетелде танымал болуда. Болашақта дизайнер жетістіктерін еселеп, ұлттық мұраны кең көлемді насихаттауды жоспарлап.

Өзгелердің жаңалығы