Бас жаңалықтар
Ақтауда 2 ұйымдасқан қылмыстық топ  өкілдеріне қатысты сот болып жатыр
30 Қыркүйек 2020, 17:46 235

Ақтауда 2 ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдеріне қатысты сот болып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда екі ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдеріне қатысты сот жүріп жатыр. Сот процесі көктемде басталған. Алайда карантин салдарынан уақыты өзгеріске ұшырады. 

Екі сот процесі де Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтуде. Мұнайлы ауданын ұзақ уақыт бойы қорқынышта ұстаған «ТТС» ҰҚТ көшбасшысы мен қатысушыларына қатысты қылмыстық іс бірінші болып қаралып жатыр.

21 қырүйекте екі жәбірленуші тергелген. Олардың айтуынша, «ТТС» ҰҚТ-сы 2010 жылы құрылған. Оның көшбасшысы Қызылтөбе ауылының тұрғыны, бұрын сотталған, ауылда криминалдық бақылау орнатып, кейін Ақтауды да бақылауда ұстауға ниеттенген. 

Сонымен қатар Жаңаөзен қаласындағы тағы бір ҰҚТ-ға қатысты қылмыстық істі сот қарап жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша 27 жәбірленуші мен куәгерден жауап алынды. Олар «Өткілбаев» ҰҚТ көшбасшысы мен қатысушыларына қарсы мойындаған. 

Айта кетейік, 2019 жылдың шілдесінде ҰҚК мен ІІМ Маңғыстау облысындағы ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдерін ұстау бойынша ведомствоаралық арнайы операция өткізді. Бірлескен шара аясында 4 ҰҚТ-ның 21 өкілі ұсталды. Заңсыз айналымнан оның ішінде АК-74, «ТТ», жүйесіндегі тапанша, револьвер мен аң атуға арналған қаруы бар, 15 қару алынды.


Фото: дереккөз
Загрузка...