Бас жаңалықтар

Ақтаулық дәрігерлер сәбиді өлімнен құтқарды

Астана. baq.kz. Ақтауда дәрігерлер инсульт алған сәбидің өмірін аман сақтап қалды. Бұл туралы lada.kz порталы хабарлайды.

2018 жылы туған сәби облыстық балалар ауруханасына аса ауыр халде түскен. Дәрігерлер оның инсульт алғаннан кейін ми қан айналымының жұмысы бұзылғаны анықтаған.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев сәби инсульт алғаннан кейін денсаулығы күрт нашарлап кеткенін атап өтті.

«Операция бір сағатқа созылды. Оны балалар нейрохирургы Ербол Кенжевалов жасады. Дәрігердің айтуынша, операция сәтті өткен. Бірақ ота күрделі болып саналады. Қазір бала оянды, оны анасы емізіп жатыр», - деді ол.

Сізден жаңалық