Ақтаева: Тәулігіне 30 мың ПТР-тест жасату жоспарда бар

18 Маусым 2020, 19:59
1658
Бөлісу:
Ақтаева: Тәулігіне 30 мың ПТР-тест жасату жоспарда бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде тиісті орындар неліктен халықтан ПТР-тест алудан бас тартып отырғанына тоқталды.

Қазір елімізде 390 мыңнан астам тест бар. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына 200 мыңдай тест тиесілі. Қазіргі таңда тәулігіне 28 мыңның шамасында тест жасалып жатыр, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы уақытта бұл көрсеткішті тәулігіне  30 мыңға жеткіземіз деген жоспар бар. Бүгін Үкімет басшысының төрағалығымен өткен мекемеаралық комиссия отырысы барысында ПТР-зертханалар санын арттыруға қатысты тапсырма берілді. Алдағы он күн ішінде 1 миллион 200 мың ПТР тест сатып алуды жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Бүгін "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханасының ПТР талдауын алуды тоқтататыны туралы ақпарат тараған еді. Осыған қатысты  Ләззат Ақтаева пікір білдірді.

"Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханасы зерттеуді арнайы бір топтарға, медициналық мекемелермен келісім шарт аясында жүргізеді. Сонымен қатар, халықты ақылы түрде тестілеуден өткізу шарасы да жүргізіледі. Бұл ретте мына жайтқа маңыз беру керек, тесттен клиникалық, эпидемиологиялық белгілері бар адамдар өтуі қажет. Зертхана алдағы он күнде тест алу мөлшерін көбейтеміз деп отыр. Алайда, тест тапсыру үшін клиникалық, эпидемиологиялық көрсеткіш болуы керек. Егер мұндай көрсеткіштер болмаса, ПТР-диагностика арқылы зерттеу жүргізу мақсатсыз болып саналады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы