Ақсуда өрт болған үйден 20 адам құтқарылды

15 Мамыр 2022, 08:42
1406
Бөлісу:
Ақсуда өрт болған үйден 20 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 14.13-те «101» пультіне Құрылысшылар көшесі, 43 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен.

Үш бөлмелі пәтердің екінші қабатындағы балконда жалпы ауданы бес шаршы метр аумақта  үй заттары, пластикалық терезе және есік жанды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін баспалдақ маршы бойынша 20 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды, - деді департаментте.

Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 8 адам мен 2 техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы