АҚШ Украинаға 250 млн доллар бөледі

20 Қыркүйек 2019, 17:53
2094
Бөлісу:
АҚШ Украинаға 250 млн доллар бөледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақша келесі қаржы жылында аударылады. 

АҚШ-та қаржылық жыл 1 қазанда басталады. 

АҚШ Конгресі өкілдерінің палатасы 19 қыркүйекте Украинаға әскери көмек ретінде 250 миллион доллар бөлуді мақұлдады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. 

Тиісті тармақ конгресмендердің 21 қарашаға дейін федералды үкіметті уақытша қаржыландыру туралы бекіткен заң жобасында көрсетілгені жазылған.

Құжатта Украинаға әскери көмек ретінде қаржы АҚШ-та 1 қазанда – келесі қаржылық жылында жалғасады делінген.

Сенат аталған заң жобасын келесі аптада қарастырады. 

Сарапшылардың ойынша, сенаторлар да құжатты мақұлдайды және ол Дональд Трамптың алдына қол қою үшін жетеді.

29 тамызда АҚШ президенті Украинаға әскери көмек беруді қайта қарау туралы бұйырған. Ревизия кезінде қаржы бұғатта болды. 

Кейін Киев ақшаны Пентагон мен Мемлекеттік департаменттің бірнеше бағдарламасы бойынша алатыны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы